ЭЕБ сервистері смартфонда – Қазақстанда «Enbek» мобильді қосымшасы іске қосылды

Жарияланған күні:
2022-27-12 сағат 21:21

Электрондық еңбек биржасында (бұдан әрі – ЭЕБ) көрсетілетін жұмыспен қамту саласындағы қызметтерді енді смартфонға арналған қосымша арқылы алуға болады. Enbek.kz мобильді нұсқасы сайтпен толығымен синхрондалған және қазірдің өзінде жұмыс іздеуге көмектесіп қана қоймай, жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алу үшін жұмыссыз ретінде тіркелуге мүмкіндік береді.

«Enbek» мобильді қосымшасында пайдаланушылар өздерін қызықтырған бос жұмыс орындарын қарап және жұмыс берушілерден шақырулар ала алады. Push хабарландыруларының ыңғайлы мүмкіндігі түйіндеме мен жауаптарды, сұхбатқа шақыруларды және жұмыс берушінің әңгімелесу нәтижелері бойынша шешімдерін қарау туралы ақпаратты өткізіп алмауына көмектеседі.

Толығырақ gov.kz сайт арқылы оқи аласыз

Жарияланған күні: 2022-27-12 сағат 21:21
Сілтеме https://czn.kz/jeeb-servisteri-smartfonda-aza-standa-enbek-mobildi-osymshasy-iske-osyldy/