Бос орындар жәрмеңкесі

Жарияланған күні:
2023-4-08 сағат 15:13
Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек ұтқырлық орталығы» КММ «Жастар» сарайында «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» өткізді.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне кәсіпорын қала аумағында орналасқан 60-тан астам мемлекеттік мекемелер мен жеке кәсіпорындардағы тұрақты және уақытша жұмыс орындарына 640 бос жұмыс орнымен қатысты.
Жәрмеңкеге құрылыс, білім, медицина, сауда, көлік-логистика, қаржы және т.б салалардағы жұмыс берушілер қатысты. Біздің бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне Халық банкі, Хоум Кредит банкі, «БАЗИС-А» құрылыс компаниясы, «Центрказэнергомонтаж» АҚ, «Магнум» сауда желісі, «Мечта» дүкені, «SMEU Astana» ЖШС және басқа да көптеген жұмыс беруші компаниялар қатысты.
Сондай-ақ, шара аясында «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс», «Ұрпақтар келісімшарты» бағдарламалар кәсіптік оқыту және «enbek.kz» порталымен жұмыс істеу бойынша Мансап орталықтарының мамандарымен түсіндірілу жұмыстары жүргізіледі.
Жарияланған күні: 2023-4-08 сағат 15:13
Сілтеме https://czn.kz/jarmarka-vakansij-2/