Бос жүмыс орын жәрмеңкесі

Жарияланған күні:
2019-30-07 сағат 19:53

31 шілдеде «Жастар» сарайында «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» ашық жалпықалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізеді. Алдында өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне елорданың 100 астам жұмыc берушісі жиналып, 3000 астам бос жұмыс орындары ұсынылды. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне барлығы 1000 астам жұмыс іздеуші қатысты.

Жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығы арқылы 2900  адам жұмысқа орналасты. Олардың ішінде 99 адам әлеуметтік жұмыстарға, 1861 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілген болса, қалған 940 астам азамат тұрақты жұмысқа орналасқан.

Жарияланған күні: 2019-30-07 сағат 19:53
Сілтеме https://czn.kz/jarmarka-vakansii/