АӘК және МӘМС мәселесін іске асыру бойынша білім беру мекемелерінің әлеуметтік педагогтары арасында ақпараттық түсіндірме жұмыстары

Жарияланған күні:
2020-20-01 сағат 22:14
Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшылары елорданың әлеуметтік педагогтары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) төлеудің жаңа әдістерін іске асыру мәселелері және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша сұрақтар қарастырылды. Іс-шараға қаланың 88 мектебінің педагогі қатысты, олар азаматтармен жұмыс кезінде жиі кездесетін бірқатар сұрақтар қойды.
Сондай-ақ білім беру саласының қызметкерлеріне халықты әлеуметтік қорғау әдістері, АӘК-тің жаңа тәсілдері және МӘМС аясында медициналық көмек көрсету бойынша ақпарат берілді.
Негізгі міндет еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен барынша қамтамасыз ету, тұрақты жалақы беру және оларды өмірлік қиын жағдайдан шығару болып табылады.
АӘК-тің өзгертілген тәсілдері айқындықты, әділдікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ еңбекке деген ынтаны арттыруға бағытталған.
Жарияланған күні: 2020-20-01 сағат 22:14
Сілтеме https://czn.kz/informacionno-razjasnitelnaja-rabota-sredi-socialnyh-pedagogov-organizacij-obrazovanija-po-voprosu-realizacii-asp-i-osms/