Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары түзеу мекемесіне баруды жүзеге асырды

Жарияланған күні:
2022-30-09 сағат 17:05
2022 жылғы 29 қыркүйекте сотталғандарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «ЕЦ-166/10» РММ түзеу мекемесіне барды.
Кездесу барысында «ҚР Халықты жұмыспен қамту туралы» және «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңнамалары, оның ішінде жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, кәсіптік оқыту, жұмыспен қамтудың белсенді шаралары және азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу, атаулы әлеуметтік көмек бойынша, еңбек заңнамасын түсіндіру және басқа бөлігінде ақпараттық-түсіндіру жүргізілді.
Жұмысқа орналасу сұрағы бойынша Астана қаласы, Бейбітшілік көш. 9 орналасқан Халықты жұмыспен қамту орталығына өтініш білдіру керек, байланыс нөмірлері: 24-95-86, 24-96-25, 24-96-05.
Жарияланған күні: 2022-30-09 сағат 17:05
Сілтеме https://czn.kz/haly-ty-zh-myspen-amtu-ortaly-yny-mamandary-t-zeu-mekemesine-barudy-zh-zege-asyrdy/