Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары түзеу мекемесінде “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.

Жарияланған күні:
2021-17-06 сағат 15:51

Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары, Сарыарқа ауданы бойынша Атаулы әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің қызметкерлері, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің “ЕЦ-166/10” РММ түзеу мекемесіне барды. Кездесу барысында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Түзеу мекемесіндегі азаматтарға босатылғаннан кейін жұмысқа орналастырудың өзекті мәселелері, әлеуметтік оңалту және бейімдеу, кәсіптік даярлау курстары, мемлекеттік грантқа қатысу және алу, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша консультациялар беріліп, еңбек заңнамасы түсіндірілді.
____________________________

Жарияланған күні: 2021-17-06 сағат 15:51
Сілтеме https://czn.kz/haly-ty-zh-myspen-amtu-ortaly-yny-mamandary-t-zeu-mekemesinde-e-bek-memlekettik-ba-darlamasy-turaly-a-paratty-t-sindiru-zh-mysyn-zh-rgizdi/