Халықты жұмыспен қамту орталығында бүгін Тәуелсіздік күніне орай мерекелік шара өтті.

Жарияланған күні:
2020-15-12 сағат 17:58

Орталық  директорының орынбасары Азамат Байтасов  мекеме қызметкерлерін   тұғырлы мерекемен  құттықтап,  еңбектеріне   табыс тіледі.   Әлемді  дағдартқан  пандемия  жағдайына қарамай  әлеуеметтің  әлеуетін  жақсарту мақсатында  тынбай еңбек еткен  әлеуметтік қызметкерлерінің еңбегі елеулі  екенін айрықша атап өтті.  Сондай-ақ,   үздік мамандарға ҚР Еңбек және әлеуметтік  қорғау вице-министрі  Ерлан  Аукенов  және  Нұр- Сұлтан қаласының  Жұмыспен  қамту және әлеуметтік  қорғау басқармасының басшысы   Сәуле Нұрғожина  атынан берілген  алғыс хаттарды табыс етті.    Онда: «Халыққа қызмет көрсету саласына көрсеткен  жетікстіктеріңіз бен  әлеуметтік саланың табысты дамуына қомақты үлес қосқаныңыз үшін алғысымды білдіремін деп жазылған.

Меркелік шара барысында  Кәсіподақ ұйымы қызметкерлерді Тәуелсіздік күнімен құттықтап сыйақы табыстады.

Жарияланған күні: 2020-15-12 сағат 17:58
Сілтеме https://czn.kz/haly-ty-zh-myspen-amtu-ortaly-ynda-b-gin-t-uelsizdik-k-nine-oraj-merekelik-shara-tti/