Полицияның жұмысының сервистік моделінің пилоттық жобасы шеңберінде халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары орталық директоры Азамат Байтасовтың қатысуымен азаматтардың тілектерін білу мақсатында полиция қызметінің мәселелері бойынша халық арасында сауалнама жүргізуге көмек көрсетеді.
Айта кетейік, жұмыс 4 бағыт бойынша жүргізіледі: жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мүлікті қорғау, қоғамдық тәртіпті қорғау, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары.
Бұл жоба қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға, сондай-ақ азаматтарға ыңғайлы болуға бағытталған.