Халықты жұмыспен қамту орталығы «Күміс жас» жобасын жүзеге асыруда.
Бұл жобаға зейнеткерлік жас алдындағы (зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалғанда) тұлғалар қатыса алады.
«Күміс жас» жобасы аясында жұмысқа орналасқан тұлғаларға ай сайын еңбекақы мөлшерінің 50% – ы субсидияланады, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспайды.
Жобаға қатысу критерийлеріне сай келетін жұмыс берушілер мен азаматтарды ынтымақтастыққа шақырамыз. Бұл бастама компанияларға еңбекақысының бір бөлігі өтелетін, ал зейнеткерлік жас алдындағы адамдар лайықты демалысы алдында жұмысқа орналасатын тәжірибелі қызметкерлерді табуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» МКҚК келесідей өзекті бос жұмыс орындары бар: Заңгер, Сатып алу жөніндегі Менеджер, Кітапханашы, Еңбек терапиясы бойынша нұсқаушы, Санитар.
Сондай – ақ, ЖК «Bilimall» бастауыш сынып мұғалімі бос жұмыс орны бар.
Осы позициялардағы еңбекақы 180000 теңгеге жетуі мүмкін.
Құрметті жұмыс берушілер мен ізденушілер біз сіздерді күтеміз!
Қосымша сұрақтар бойынша мына нөмірлерге хабарласыңыз: 8 700 956 98 08, 8 (7172) 24-95-81