Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Сәбит Жаманбаев «Еуразиялық топ» ЖШС өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді

Жарияланған күні:
2022-22-06 сағат 14:36

Ағымдағы жылдың 21 маусымында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Сәбит Жаманбаев жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларын түсіндіру мақсатында «Еуразиялық топ» ЖШС өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді.

Тараптар «Жастар практикасы» жобасы шеңберінде субсидияланатын жұмыс орындарын бірлесіп ұйымдастыру мүмкіндігін талқылады және кәсіптік оқытуды ұйымдастыру бөлігінде ынтымақтастық туралы ниет білдірді.

Жарияланған күні: 2022-22-06 сағат 14:36
Сілтеме https://czn.kz/haly-ty-zh-myspen-amtu-ortaly-y-direktoryny-orynbasary-s-bit-zhamanbaev-eurazijaly-top-zhshs-kilderimen-onlajn-kezdesu-tkizdi/