Ағымдағы жылдың 22 тамызында «Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының бастамашыл топтарын қолдау» жобасы аясында ZOOM платформасында елорда тұрғындары үшін халықтың әлеуметтік осал топтары мен бастамашыл топтар арасында «Халықтың цифрлық сауаттылығы» тақырыбында онлайн-кездесу өтті.
Онлайн-кездесуге Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Сәбит Жаманбаев және «Бақытты Шаңырақ» қоғамдық қорының «Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға қолдау көрсету және көмек көрсету Қайырымдылық Қоры» өкілдері қатысты.
Негізгі мақсаты әлеуметтік бағыттағы enbek.kz, egov.kz сайттарды пайдалану ережелерін түсіндіру болып табылады.