ХАЛЫҚ САНАҒЫ 2021

Жарияланған күні:
2021-14-09 сағат 17:52

Қазақстан Республикасы стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті

Жұмысқа шақырады!

• НҰСҚАУШЫ-БАҚЫЛАУШЫ

Жұмыс кезеңі:
2021 жылғы 24 қыркүйектен бастап 7 қарашаға дейін

Негізгі қызметтері:
2-кезеңнің интервьюерлерінің жұмысын ұйымдастыру және бақылау (интервьюерлерді оқыту, интервьюерлердің жұмыс сапасына бақылау жүргізу, санақ парақтарының толық толтырылуын бақылау, толтырылған санақ парақтарын планшеттен серверге күнсайын жіберу); Статистикалық мәліметтердің құпиялылығы мен сақталуын қамтамасыз ету; Санақ құжаттары мен құралдарының сақталуын қамтамасыз ету.

Төлемақы:
Төлемақы нақты көрсетілген қызметтерге, салық шегеріміне дейін 45 күнтізбелік күнге – 125 014 теңге көлемінде төленеді.

• ИНТЕРВЬЮЕР
Жұмысқа шақырады!

Жұмыс кезеңі:
2021 жылғы 1 қазаннан бастап 30 қазанға дейін

Негізгі қызметтері:
Үй шаруашылықтары арасында үгіттеу-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, бекітілген тіркеу учаскесінде планшетте электрондық түрде халық санағын жүргізу, толтырылған санақ парақтарын планшеттен серверге күнсайын жіберу, статистикалық мәліметтердің құпиялылығы мен сақталуын қамтамасыз ету, санақ құжаттары мен құралдарының сақталуын қамтамасыз ету.

Төлемақы:
Орындалған жұмыстар актісіне сәйкес, салық шегеріміне дейін 104 179 теңге сомасында 833 үй шаруашылығында сауал салынатын адамға орташа жүктеме кезінде нақты көрсетілген қызметтерге төлем жүргізіледі.

Түйіндемені мына электронды мекенжайлар бойынша қабылдаймыз:
mihalchenko_n@mail.ru, maa-309@mail.ru .
Нұр-Сұлтан қ., Желтоқсан к-сі, 22.
Байланыс телефоны:
8 (7172) 31-95-94,
8(7172) 31-62-53.

Жарияланған күні: 2021-14-09 сағат 17:52
Сілтеме https://czn.kz/haly-sana-y-2021/