Құбыжыкова Ләззат Жұмабекқызы
“Бастау Бизнес” жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткеннен кейін 2020 жылғы 29 шілде күні “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде “Дене шынықтыру-сауықтыру клубын ашу” бизнес-жобасын іске асыруға грант алды.
Бөлінген қаражатқа “Жошы хан”ДСК жабдықтады. Жобаны Сығанақ көшесі, 18/1 үй мекенжайы бойынша іске асырады.
Мемлекеттік гранттар алуға үміткерлер: жұмыссыз адамдар, кәсіпкерлер және өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бірыңғай жиынтық төлем төлеуші азаматтар , “Бастау Бизнес” жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткен немесе қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтаған адамдар болып табылады.
Биыл 400 мемлекеттік грант беру жоспарланған. Жыл басынан бері комиссия 87 жобаны мақұлдады. 2021 жылы гранттың ең жоғарғы сомасы – 583 400 теңге (200 АЕК).
@czn.kz