Елорданың 68 жұмыс берушісі 1820-дан астам бос жұмыс орнын ұсынды

Жарияланған күні:
2022-21-09 сағат 15:18

Ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде «Жастар» сарайында жұмыссыз азаматтар, пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және алимент бойынша борышкерлер үшін кезекті жалпы қалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.


Іс-шараға Астана қаласы прокуратурасының, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының, Әділет департаментінің және қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілдері қатысты.


Жәрмеңке жұмысына елорданың 68 жұмыс берушісі қатысып, 1820-дан астам бос жұмыс орындары ұсынылды.
Жалпы қалалық жәрмеңкеге 470-ке жуық жұмыс іздеуші келді.


Сондай-ақ, 11 жұмыс беруші пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 300-ден астам бос жұмыс орындарын ұсынды.

Жарияланған күні: 2022-21-09 сағат 15:18
Сілтеме https://czn.kz/elordany-68-zh-mys-berushisi-1820-dan-astam-bos-zh-mys-ornyn-syndy/