Елордада “Жұмыспен қамтудың жол картасы” аясында 500-ге жуық жұмыс орны ашылады

Жарияланған күні:
2021-30-06 сағат 20:32

Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы (бұдан әрі-ЖҚЖК) шеңберінде іске асырылатын инфрақұрылымдық жобаларға жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі.

Инфрақұрылымдық объектілерде инженерлік-көліктік инфрақұрылымды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жөндеу, қаланы абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ағымдағы жылғы 29 маусымда ЖҚЖК жобаларына жұмысқа орналасуға мониторинг жүргізу шеңберінде Нұр-сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Б. С. Ғарифуллин Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры А. Е. Байтасовтың және Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Б. О. Айтпаевтың қатысуымен “Нұр-сұлтан қаласы Талдыкөл көлінің оңтүстік-батысындағы рекреациялық аймақтар құрылысы (туристік бағыт)” объектісіне барды.

Аралау барысында жобамен, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту орталығы жіберетін қызметкерлердің жұмыс жағдайымен таныстырылды. Жұмыссыз Ташенов Мереке Закариянович осы жылдың мамыр айында халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеп барып, Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде іске асырылатын жобаларға қатысу мүмкіндігі туралы біліп, осы жобада жұмыс істеуге ниет білдірді.

Қазір ол мердігер “GREENTECH” ЖШС-де электрик болып жұмыс істейді және тұрақты табысы бар.
ЖҚЖК бойынша еңбекақы мөлшері 85 мыңнан 250 мың теңгеге дейін құрайды. Бағдарлама бойынша жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы атқаратын лауазымына және орындайтын жұмысына қарай тағайындалады.

ЖҚЖК аясындағы нысандарға жұмысқа орналасу үшін Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына” келесі телефондар арқылы хабарласу қажет:
8 776 146 49 09; 8(7172)72-93-62.

Жарияланған күні: 2021-30-06 сағат 20:32
Сілтеме https://czn.kz/elordada-zh-myspen-amtudy-zhol-kartasy-ajasynda-500-ge-zhuy-zh-mys-orny-ashylady/