Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандарына тренинг ұйымдастырылды

Жарияланған күні:
2020-5-11 сағат 21:38

Елордадағы Халықты жұмыспен қамту орталыңының мамандары үшін күйзелікке төтеп беруге дағдылану тақырыбында тренинг ұйымдастырылды. Оған қоғамның осал тобымен жұмыс істейтін «Байқоңыр» ауданының атаулы әлеуметтік көмек көрсету бөлімі мамандары қатысты. Бөлім жетекшісі Нұргүл Шманқызы мұндай тренингтің мамандар үшін аса пайдалы екенін айтты. Көмекке мұқтаж адамдармен жұмыс істеу асқан шыдамдылық пен сабырлылықты талап етеді. Бөлім мамандары жағдайы төмен отбасыларды бөліп-жармай барлығына бірдей көмек көрсетуге барын салады. Дегенмен адам баласы емен емес. Ал, мұндай тренинг жұмысты нәтижелі атқаруға, қандай жағдай болмасын өзін өзі ұстауға, дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі деді.
Тренингті «Татуласу» орталығының психологы Әйгерім Қасымбекова өткізді. Психолог мамандарға күйзелістің пайдасы мен зияны туралы айтып, оңтайландыру тәсілдерін түсіндірді.

Жарияланған күні: 2020-5-11 сағат 21:38
Сілтеме https://czn.kz/elordada-y-haly-ty-zh-myspen-amtu-ortaly-yny-mamandary-shin-k-jzelikke-t-tep-beruge-da-dylanu-ta-yrybynda-trening-jymdastyryldy/