Брифингтің тақырыбы:«Елордағы жастартарды жұмыспен қамту шаралары»
Спикер: Астана қаласының «Еңбек мобильділігі орталығы» ҚММ директоры Омар Олжас Қобыландыұлы
Жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру Астана қаласының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ маңызды міндеттерінің бірі болып саналады.
Жылдың басынан (I тоқсанда) Мансап орталыққа 9 713 жастар шағымданды.
Жұмыспен қамту шараларымен 2013 адам қамтылды, оның ішінде 271 тұрақты жұмысқа орналасты.
961 жас мамандарды жеңілдетілген жұмыс орындырына жіберілді, оның ішінде 221- «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша мемлекет тарапынан қолдау алды, 62 – «Алғашқы жұмыс», 87 – әлеуметтік жұмыс орындарына, 591 – қоғамдық жұмыстарға орналыстырылған.
Бүгін мен үш бағдарламаға тоқталып өтемін, олар: алғашқы жұмыс орны, жастар тәжірибесі және ұрпақтар келісімшарты.
- Алғашқы жұмыс орны – алғаш жұмыс іздеп жүрген жұмыссыздарға жұмыс орнын және қажетті еңбек дағдыларын беруге бағытталған жоба
Кепілдендірілген жалақы – 30 АЕК (110 760 теңге);
Практикадан өту мерзімі еңбек өтіліне есептеледі;
Мекемеде тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі артады;
Ұзақтығы 18 айдан аспайды.
Талаптар:
Жұмыс тәжірибесінің болмауы;
Жасы 35 жастан жоғары емес.
- ЖАСТАР ТӘЖІРИБЕСІ (ПРАКТИКАСЫ) – колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектеріне мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу үшін арналған.
5 жылдан кешіктірмей алған дипломының болуы (университет немесе колледж)
Кәсіби тәжірибенің болмауы
Жасы 35 жастан жоғары емес
Кепілдендірілген жалақы – 30 АЕК (110 760 теңге);
Практикадан өту мерзімі еңбек өтіліне есептеледі;
Мекемеде тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі артады;
Ұзақтығы 12 айдан аспайды;
- ҰРПАҚТАР КЕЛІСІМІШАРТЫ – зейнеткерлік жасқа толған жұмыс істеп тұрған қызметкерді кейіннен ауыстыра отырып, оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыруға арналған.
3 жылдан кешіктірмей алған дипломының болуы (университет немесе колледж)
Жасы 35 жастан жоғары емес
Кепілді жалақы – 30 АЕК (110 760 теңге)
Практикадан өту мерзімі еңбек өтіліне есептеледі.
Мекемеде тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі артады;
Ұзақтығы 6 айдан аспайды.
Сонымен қатар, кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға бағытталған іс-шаралар аясында «Электрондық еңбек биржасы» арқылы 263 жас, «Bastau Business» кәсіпорнында 518 жас кәсіпкерлік негіздеріне онлайн оқытудан өтті.
2023 жылдан бастап жастарды жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы жүзеге асырылуда.
ЖАСТАРҒА НЕСИЕ БЕРУ
Шағын несие 21 мен 35 жас аралығындағы жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Бағдарламаға жұмыс істейтін жастардың өкілдері қатыса алады. Несие сомасы: 5 миллион теңгеге дейін. Пайыздық мөлшерлеме: жылдық 2,5%.Несие мерзімі: 5 жылға дейін (мал шаруашылығын дамытуға – 7 жылға дейін). Өтініш берген кезде жеке кәсіпкер ретінде тіркелу мерзімі 5 жылдан аспауы керек. Міндетті шарт – кепілзаттың болуы. Кепілге жылжымалы (мамандандырылған құрал-жабдықтар) және жылжымайтын мүліктер қабылданады. Кепіл болмаған жағдайда кепіл берушіні (ата-анасын, туыстарын және т.б.) тартуға болады.
Негізгі борышты өтеу және микрокредит беру мерзімінің үштен бір бөлігіне дейінгі сыйақы үшін жеңілдікті кезең қарастырылған.
Қажетті құжаттар тізімі:
жеке басын куәландыратын құжат;
жобаның бизнес-жоспары;
шоттың бар екендігі туралы қызмет көрсетуші банктен анықтамалар;
несиелік берешегінің, оның ішінде мерзімі өткен берешегінің бар екендігі туралы қаржы институттарынан анықтамалар (қарыздар болған жағдайда);
қатысушының/өтініш берушінің жалақысын және (немесе) өзге де кірісін растайтын құжат (жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірме), егер бар болса;
кепілге берілген мүлікті бағалау туралы есеп;
кепіл беруші мен кепілге қатысты құжаттар
Құжаттарды «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қабылдайды.
Жастардың жаңа бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін гранттар алуға ерекше назар аударғым келеді.
Business.enbek.kz порталында 2024 жылғы 8 сәуірден бастап 1 ағын бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталады.
Гранттар қайтарымсыз негізде беріледі, нысаналы мақсаты жаңа бизнесті бастау және дамыту болып табылады.
Грант көлемі 400 АЕК-ті (1 476 800 теңге) құрайды. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады. Грант қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Өтінім беру үшін:
– Порталда тіркелу;
– грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;
– бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу;
– өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою қажет.
Грант алу үшін бірқатар шарттарды сақтау қажет.
Жаңа бизнес-идеяны іске асыруға грант алуға үміткер бола алатындар:
– тіркелген жұмыссыздар;
– жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін).
Бұл ретте үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек:
– мүгедектігі бар адамдар;
– қолданыстағы «кандас» мәртебесі бар адамдар;
– өңіраралық қоныс аударушылар
– аз қамтылған отбасы мүшелері;
– көпбалалы отбасы мүшесі (жұбайы / зайыбы);
– мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы / зайыбы);
– асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар.
Үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс.
Рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету, адами факторды азайту, өтініш берушілерге ыңғайлы болу үшін гранттар берудің бүкіл процесі электрондық форматқа ауыстырылды. Грант алуға өтінімдерді қабылдау бірыңғай терезе – Business.enbek.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.
Грантты: қажетті құрал-саймандарды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, малдарды, жануарларды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды сатып алуға, орын-жайларды жалға алу ақысын төлеуге алуға болады.
Гранттар: тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді.
Құрметті астаналықтар, сіздерге ЖҰМЫС ІЗДЕГЕНДЕР МЕН ЖҰМЫССЫЗДАР ҮШІН ТІРКЕЛУ АЛГОРИТМІН еске салғым келеді:
- kz электронды еңбек биржасы арқылы онлайн тіркеле аласыздар
- kz электронды порталын пайдалану арқылы
- Елорданың Мансап орталығы Бейбітшілік көшесі, 9 мекенжайына
Жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем алу құқықығына міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне кемінде 24 ай қатысушы болған азамат жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап ие болады.
Орталық өз құзіретінде жұмыссыздарға жұмысқа орналасуға ТЕК жәрдемдесу қызметін атқарады. Орталық қызметкерлері сізді тіркеп, жалпы мәліметтер базасына енгізеді және күнделікті бос орындармен белсенді жұмыс жасайды. Әр орталықтың маманына 400-800-ге дейін жұмыссыздар тіркеледі. Бүгінгі таңда 5000-нан астам (5117) бос жұмыс орындар бар.
Біздің әлеуметтік желілерде (instagram, facebook, telegram) күнделікті бос орындар, соның ішінде мүгедектігі бар адамдарға бос орындар жарияланады.