Елорда тұрғындары “Жұмыспен қамтудың жол картасы” арқылы тұрақты жұмысқа тұруда

Жарияланған күні:
2020-6-11 сағат 16:08

Биыл ЖҚЖК бойынша елордада 151 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда бағдарлама бойынша 15 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды, халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 7 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды. Мысалы, елорда тұрғыны Дәурен Шабданбеков enbek.kz. сайты арқылы жұмыс тапқан.

“Пандемия басталғалы жұмыссыз қалдым. Кейін enbek.kz сайтына тіркеліп, жұмыс іздедім. Бұндай жұмысты хабарландырудан көбіне таба алмайсың. Ал жұмыспен қамту орталығының сайтында көп жұмыс орны мен таңдау бар”, – дейді Дәурен Шабданбеков.

ЖҚЖК қатысуға өтінімдерді кәсіпкерлерге де беруге болады. Дұрыс үйлестірудің арқасында барлық деңгейдегі мамандарды табуға болады. Сонымен қатар, жұмыспен қамтылғандардың арасынан тұрақты жұмыс орнын тапқандар да бар.

“Біздің кәсіпорын диод жарығы бар шамдарды шығарумен айналысады. Жұмыспен қамту жол картасы аясында ауқымды жоба болды. Соған 100-ден астам адам қатысты. Соның ішінен 12-13 адам тұрақты жұмысқа қабылданды. Осындай жобалардың арқасында біз жұмысты жандандырып, жұмысшылардың санын көбейтуге дайынбыз”, – дейді кәсіпкер Қаныбек Айтақов.

ЖҚЖК аясындағы іс-шаралар жыл соңына дейін жалғасатын болады. Құрылыс нысандарындағы ішкі жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.

“Биыл Нұр-Сұлтан қаласы Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасын жүзеге асыруда жоғары нәтижелер көрсетті. Бұл туралы “Атамекен” Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының VII съезінде айтылды. Келесі жылға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы жобасы 1 желтоқсанға дейін әзірленуі тиіс. Ол Ұлттық банкпен және Үкіметпен бірлесіп жүзеге асырылады”,-делінген Нұр-Сұлтан қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының таратқан хабарламасында.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша халықты жұмыспен қамту орталығының мониторинг және еңбек ресурстарын болжау бөліміне мына мекенжай бойынша хабарласуға болады: Бейбітшілік көшесі, 25 үй, “Өркен” іскерлік орталығы, телефон нөмірі: 57-88-89, 57-89-37, 24-83-02.

 

 

Дереккөз: http://astana.gov.kz/kz/news/news/25093

Жарияланған күні: 2020-6-11 сағат 16:08
Сілтеме https://czn.kz/elorda-t-r-yndary-zh-myspen-amtudy-zhol-kartasy-ar-yly-t-ra-ty-zh-mys-a-t-ruda/