Екіжақты меморандумға қол қойылды

Жарияланған күні:
2021-14-09 сағат 20:45

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы және “Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы” КЕАҚ жұмыспен қамту саласын кеңейту мақсатында  өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

“Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы” КЕАҚ  кадрлық әлеуеті жоғары, тиімді корпоративтік және басқаруы бизнеске бағдарланған  Орталық Азиядағы  жетекші кардиохирургиялық орталық болып табылады.

Қазіргі таңда орталықта штаттық режимде 963 адам жұмыс істейді. Ғылыми орталыққа қажет бос орындар туралы мәліметтер www.enbek.kz. порталында жарияланған. Олар: • Радиология бөлімшесінің Рентген-зертханашысы

• Инфекциялық бақылау медбикесі-дәрігер эпидемиологтың көмекшісі

•Консультациялық-диагностикалық бөлімшенің эндоскописті дәрігері

•Консультациялық-диагностикалық бөлімшенің Функционалдық диагностика дәрігері

•Балалар кардиологиясы бөлімшесінің Бекет медбикесі

•Клиникалық-диагностикалық зертхананың зертханашысы

•Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің бекеттік медбикесі (ересектер, балалар)

“Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы” КЕАҚ

Нұр-Сұлтан қаласы, Тұран көшесі, 38 мекен-жайында орналасқан.

Жарияланған күні: 2021-14-09 сағат 20:45
Сілтеме https://czn.kz/ekizha-ty-memorandum-a-ol-ojyldy-2/