Екіжақты меморандумға қол қойылды

Жарияланған күні:
2021-8-09 сағат 21:00

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы мен “Астана -Теплотранзит” АҚ өзара жұмыспен қамту аясын кеңейту мақсатында серіктестік орнатып, бірлесе іс-әрекет ету туралы келісімге қол қойды.

“Астана -Теплотранзит” АҚ – елорда тұрғындары мен кәсіпорын мемекелеріне электрмен жабдықтау газ, бу беру және ауа баптау қызметін көрсетеді.
2004 жылы құрылған акционерлік қоғамда штаттық режимде қазіргі таңда 630 адам жұмыс істейді.
Аталған мекеме электронды еңбек биржасына тұрақты вакансиялар жариялап отырады. Қазіргі таңда фельдшер, токарь, диспечер, көлік жүргізішісі, бас бухгалтер, жылутехник-инженер, экономист мамандықтары бойынша бос жұмыс орындары бар.
Сұранысқа ие бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді www.enbek .kz көруге болады. “Астана-Теплотранзит” АҚ

мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, І.Жансүгірұлы көшесі 7 үйде орналасқан.

 

Жарияланған күні: 2021-8-09 сағат 21:00
Сілтеме https://czn.kz/ekizha-ty-memorandum-a-ol-ojyldy/