“Е-ХАЛЫҚ” базасының қызмет көрсету жүйесін жетілдіру

Жарияланған күні:
2021-16-09 сағат 17:20

“Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы” КММ мен “Зерде” ұлттық инфокоммуникация холдингі” Қазақстандық ірі мемлекеттік компаниясы арасында ақпараттық технологиялар саласындағы техникалық реттеу жүйесін жетілдіру, әзірлеу және іске асыру бойынша кездесу өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты халыққа мемлекеттік қызмет алу бойынша, атап айтқанда атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша қолайлы жағдай жасау болып табылады.

“Е-Халық” базасын одан әрі дамыту бойынша  мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге жәрдемдесу.

Жұмыспен қамту орталығы “Е-Халық” базасы арқылы көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігінің жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін үздіксіз еңбек етеді.

Екі мекеме  алдағы уақытта да жемісті ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр.

Жарияланған күні: 2021-16-09 сағат 17:20
Сілтеме https://czn.kz/e-haly-bazasyny-yzmet-k-rsetu-zh-jesin-zhetildiru/