«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы

Жарияланған күні:
2021-23-11 сағат 19:45

Тәпен Мәди Олжасұлы Елордадағы жұмыспен қамту орталығы арқылы өзіне жұмыс тапты.
Өз мамандығына сай жұмыс істеуге ниет еткен Мәди Олжасұлы қазан айында Нұр-Сұлтан қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеп келді.
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «НАЗ» мемлекеттік би театры» МКҚК, заңгер болуға жолдама беріліп, тұрақты жұмысқа орналастырылды.

«НАЗ» мемлекеттік би театры» ұлттық мәдениеттің жоғары көркем туындыларын, сондай-ақ әлем халықтарының үздік музыкалық туындыларын, классикалық, халықтық және заманауи би қойылымдары негізінде дарынды жастарды би әлеміне тарту, фестивальдар, концерттер, театрлық-ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу, гастрольге шығуды жүзеге асырады.

Сондай-ақ жұмыс іздеп жүрген тұлғалардың Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.kz интернет порталында бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді қарауға болады. Заман талабына сай жеке кабинет құрыңыз және қашықтан жұмыс іздеуді белсенді жүргізіңіз!
Егер Сіз жұмыс іздеп жүрсеңіз, Жұмыспен қамту орталығына келіңіз!
Мекенжайы: Бейбітшілік көшесі, 25, «Өркен» БО
Толық ақпарат алу үшін 8 (7172) 57-86-95; 8 (7172) 57-88-88 телефон номеріне хабарласыңыз. Жұмыс күндері: дүйсенбі-жұма
Жұмыс уақыты: 08:30-18: 00 (Түскі үзіліс 13.00-14.30)

Жарияланған күні: 2021-23-11 сағат 19:45
Сілтеме https://czn.kz/e-bek-memlekettik-ba-darlamasy/