Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы
“Еңбек” бағдарламасы аясында тұрақты жұмысқа орналасу

2021 жылдың тамыз айында Мереке Айткенов жұмыс іздеп Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінді. “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы аясында қыркүйек айында “Schoolbus” ЖШС-не автобус жүргізушісі болып жұмыс жіберілді. Аталған мекеме басшылығымен сұқбаттасудан кейін тұрақты жұмысқа орналасты.

“Schoolbus” ЖШС – жолаушылар тасымалын ұйымдастыратын, оның ішінде балаларды тасымалдауға арналған көлік компаниясы. Мектеп автобусы-балаларды мектептерге, балабақшаларға, балалар дамыту орталықтарына жеткізеді. Ал жазғы уақытта балалар лагерлеріне балалар тасымалдайды.

Әр көлікте нақты уақытты көрсететін қозғалыс бақылау жүйесі орнатылған. Мереке Жданұлы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ “№ 58 мектеп-гимназия” МКК оқушыларды тасымалдайды.

Елордада жұмыс іздеушілер ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет порталында бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді www.enbek.kz порталынан қарай алады.

Заман талабына сай өзіңізге жеке кабинет құрыңыз және қашықтан жұмыс іздеуді белсенді жүргізіңіз. Толық ақпарат алу үшін: 8(7172) 57 87 00; 8(7172) 57 88 88; 8(7172) 72 93 31 байланыс номерлеріне хабарласуға болады. ХЖҚО мекен-жайы: Бейбітшілік көшесі 25, “Өркен” БО.

Жарияланған күні: 2021-20-09 сағат 17:32
Сілтеме https://czn.kz/e-bek-ba-darlamasy-ajasynda-t-ra-ty-zh-mys-a-ornalasu-6/
Хабарламаға жазылыңыз
Қаріп түрі:
Әріп аралығы:
Қаріп өлшемі:
Сайттың түсі:
Суреттер: