“Еңбек” бағдарламасы аясында тұрақты жұмысқа орналасу

Жарияланған күні:
2021-6-08 сағат 22:09

Қонысбаев Сағындық «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-не жұмыс іздеп келді.

Ол “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы аясында Халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен LED INNOVATIONS ЖШС-не графикалық дизайнер ретінде тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырылды.

Бүгінгі таңда Сағындық жарық техникасының, жарық диодты жарықтандыру жабдығының электр бөлігінің дизайнымен айналысады, ай сайын 150 000 теңге жалақы алады.

LED INNOVATIONS ЖШС – Қазақстан нарығында жас және дамып келе жатқан жарық техникасы компаниясы, ол кәсіби жарықтандыру саласында қызметтердің толық кешенін және жарықдиодты жарықтандыру жабдықтарының кең таңдауын ұсынады.

Бүгінгі таңда “Электрондық еңбек биржасы” (www.enbek. kz) интернет-порталында қаланың жұмыс берушілері түрлі қызмет салалары бойынша 6555 бос жұмыс орындарын орналастырды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.kz интернет порталында жұмыс іздеп жүрген тұлғалардың бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді өз бетінше қарау, жеке кабинет ашу және қашықтан жұмыс іздеуді белсенді жүргізу мүмкіндігі бар.

Егер Сіз жұмыс іздеп жүрсеңіз, Жұмыспен қамту орталығына келіңіз!

Мекен-жайы: Бейбітшілік көшесі 25, «Өркен» БО.

Байланыс телефондары:
8(7172) 57- 87-00
8(7172) 57-88-88

Жарияланған күні: 2021-6-08 сағат 22:09
Сілтеме https://czn.kz/e-bek-ba-darlamasy-ajasynda-t-ra-ty-zh-mys-a-ornalasu-2/