“Еңбек” бағдарламасы аясында СҚО, Жамбыл ауданына қоныс аудару

Жарияланған күні:
2021-8-06 сағат 16:34

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек” бағдарламасы аясында СҚО, Жамбыл ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы еңбек күші мол өңірлерден (Алматы, Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау областары, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан) шыққан отбасыларды Жамбыл ауданына қоныс аударуға шақырады.

Отбасыларға көшуге субсидия түрінде отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (204 190 теңге) біржолғы әлеуметтік көмек төленеді.

Мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үйлер (Пресновка.а, Благовещенка.а, Жанажол.а, Айымжан.а, Петровка.а, Буденное.а, Кладбинка.а, Казанка.а),1 адамға 15 АЕК (43 755), 2-4 адамға (52 506), 5 және одан жоғары 21 АЕК (61 257) тұрғын үйді жалдау (жалға алу) немесе сатып алу үшін субсидиялар беріледі, жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі.
Аудан бойынша ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру салаларында бос жұмыс орындары бар.
Бағдарламаға қатысу шарттары:

Жоғарыда көрсетілген облыстарда кемінде 12 ай тіркелу;

Орта арнаулы немесе жоғары білімінің, мамандығының немесе біліктілігінің болуы.

Отбасы құрамы 4 адамнан кем болмауы керек.
Кеңес алу үшін байланыс телефоны: Жамбыл ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы 87154421830, Whatsapp 87779235161 қоныс аудару жөніндегі маман,
Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма, 09.00-18.30сағ. Эл.почта centr.zanyatosti.2011@bk.ru, Facebook Жұмыспен Қамту Орталығы Жамбыл ауданы
@akimat_nur_sultan
@upravlenie_zanyatosti
@saule_nurgozhina

Жарияланған күні: 2021-8-06 сағат 16:34
Сілтеме https://czn.kz/e-bek-ba-darlamasy-ajasynda-s-o-zhambyl-audanyna-onys-audaru/