Диалог» іс-шарасы

Жарияланған күні:
2023-2-11 сағат 22:38

Ағымдағы жылдың 1 қарашасында «ITeachMe» құзыреттерді дамыту орталығы» қоғамдық қоры «Мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында бизнес, ҮЕҰ және мемлекеттік билік арасындағы диалог» іс-шарасын ұйымдастырды, оған елордалық Мансап орталығының халықтың әлеуметтік осал топтарымен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы Жанар Мусина қатысты.
Қазақстан PwC-мен серіктестікте «TeachMe» қоғамдық қоры мүгедектігі бар азаматтарды кәсіби қоғамдастыққа әлеуметтендіруге бағытталған жобаны іске асыруда, онда екі мәселе қаралып, талқыланды:
1. Мүгедектігі бар азаматтармен жұмыс.
Бұл бағытта негіз кәсіби дағдыларды, білімді, өзіне деген сенімділікті және өзінің кәсіби құзыреттілігін дамыту болып табылады. Бүгінгі таңда 500-ден астам түлек заманауи цифрлық бағыттар бойынша білім беру бағдарламаларынан өтті.
2. Бизнес-қоғамдастықпен жұмыс.
Мақсаты – әлеуетті жұмыс берушілердің хабардарлығы мен құқықтық сауаттылығын арттыру, мүгедек азаматтарды жұмысқа орналастырудағы кедергілерді жоюға жәрдемдесу, мүгедек азаматтарды жұмыспен қамту туралы Заңнамаларға түсінік беру.

Жарияланған күні: 2023-2-11 сағат 22:38
Сілтеме https://czn.kz/dialog-is-sharasy/