1 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту орталығына АӘК тағайындау үшін 7 885 адам келіп, өтініш білдірді. Олардың 3475-і кеңесті орталықта, 1343-і Алматы ауданының әкімдігінде, 860-ы Байқоңыр ауданының әкімдігінде, 644-і Есіл ауданының әкімдігінде, 1540-ы Сарыарқа ауданының әкімдігінде алды. Есіл ауданының №1 ХҚКО 5 адамды қабылдады, ал Байқоңыр ауданының №5 ХҚКО-ның мамандары 18 адамға кеңес берді.
«Аталған шара кезекті азайту мақсатында енгізілді. Атаулы әлеуметтік көмекті аудан әкімдіктерінде, сонымен қатар ХҚКО-да алуға болады. Бұл кеңес беру уақытын қысқартты», – деді астаналық Жұмыспен қамту орталығының баспасөз хатшысы Дана Тұрғынова.
Еске салайық, 1 сәуірден бастап АӘК көрсетудің жаңа критерийлері анықталған болатын. Оған сәйкес астана тұрғындары үшін кедейлік шегі бір адамға шаққанда 21 572 теңгені құрайды. Әлеуметтік көмекті алу үшін отбасының кірісі жан басына шаққанда кедейлік шегінен аспайтын барлық адамдар өтініш бере алады.