Бақытбекова Сәлима Ыдырысқызы – жас кәсіпкер. 2021 жылы еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіп түрін меңгеруді ойлап, “Бастау Бизнес 2021” жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өтті.
Осы жылдың 23 қыркүйек айында “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде “Шоппер, Эко-сөмкелер тігу,Тігін ісі” бизнес-жобасын комиссия алдында сәтті қорғап шықты.
Жаңа бизнес идеясы үшін 583 400 теңге мөлшерінде мемлекеттік грант алды. Қазір жобаны : Ә.Бөкейхан көшесі, 42/1 үй мекен-жай бойынша жүзеге асырады.
Сәлима қазір сатылымға шығарылған эко сөмелерден түскен қаржыны лейкозбен ауыратын кішкентай жиенінің еміне аударып көмек көрсетіп жүр.
Егер сіз де кішкентай Әлімге көмектескіңіз келсе↪ @help_alim_leikoz парақшасында көрсетілген шотқа аударуға болады.
Сәлима өз сөмекелеріне тапсырысты арнайы инстаграмм прақшасы арқылы жүргізуді қолға алған.
https://instagram.com/handmade.salima?utm_medium=copy_link ны мына инстаграмм парақшасынан қарауға болады.
Байланыс телефоны: 87087777202.
Мемлекеттік гранттар алуға үміткерлер жұмыссыз адамдар, кәсіпкерлер және өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеген, “Бастау Бизнес” жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткен немесе қысқамерзімді кәсіптік оқуды аяқтаған адамдар болып табылады