Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған  азаматтарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

Жарияланған күні:
2021-15-03 сағат 6:54

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді.  Қоғамның  осал топ мүшелері үшін  ұйымдастырылған онлайн  жәрмеңкеге елордадағы  4 ауданның пробация есебінде тұрған және ҚР ІІМ Полиция депатраментінде есепте тұрған 25 жуық азамат  қатысты.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа алуға  7 мекеме  келісім білдіріп 43 бос орын ұсынды.

Онлайн жәрмеңке  ZOOM платформасында өтті.  Қоғамның осал топ  мүшелері үшін  арнайы  бос орындар жәрмеңесі  алдағы уақытта  ай сайын ұйымдастырылатын болады. Ол  czn_astana инстаграмм парақшасында өтеді.

Пробация есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша кеңес алу үшін 72-93-41,95-44-23 телефондарына хабарласып білуге болады.

Жарияланған күні: 2021-15-03 сағат 6:54
Сілтеме https://czn.kz/bas-bostandy-ynan-ajyru-oryndarynan-bosatyl-an-azamattar-a-arnal-an-bos-zh-mys-oryndar-zh-rme-kesi-tti/