Бүгін Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Жастар» сарайында «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» өткізді

Жарияланған күні:
2023-21-09 сағат 6:26

Астананың мансап орталығы 625 бос жұмыс орнын ұсынды

Жәрмеңкеге құрылыс, білім беру, медицина, сауда, көлік-логистика, қаржы және т.б. түрлі қызмет түрлерінен 58 жұмыс беруші қатысты. Жұмыс берушілер тарапынан мемлекеттік және жеке кәсіпорындардағы тұрақты және уақытша жұмыс орындарына 625 бос жұмыс орындары ұсынылды.
«Казахстанская Продовольственная Компания «KAZBRAND» ЖШС, «Allur» компаниялар тобы» АҚ, «Новая АЗС» ЖШС Астана қаласындағы филиалы, Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Eco System» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК, «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Астана қаласы)» мемлекеттік мекемесі және т.б. компаниялар қатысты.
Астана Мансап орталығының қызметкерлері «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» бағдарламалары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кәсіптік оқыту және «enbek.kz» порталымен жұмыс жасау бойынша кеңестер берді.

Жарияланған күні: 2023-21-09 сағат 6:26
Сілтеме https://czn.kz/b-gin-astana-alasy-kimdigini-e-bek-mobildiligi-ortaly-y-kmm-zhastar-sarajynda-bos-zh-mys-oryndary-zh-rme-kesin-tkizdi-2/