Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында Нұр-Сұлтан қаласында 220 адам кәсіптік білім беру, қайта даярлауды қамтитын оқытуларға жіберілген болатын. Бүгін аспаз және кондитерлік курстарын оқыған азаматтар сынақ тапсырды.
Сынақ аспаздардан басталды. Алдымен, сұрақ-жауап бойынша білімі тексерілді. Тағам әзірлеудің қыр-сыры, өлшем бірлігі, кімге қалай ұсыну керектігі яғни, аспаздық өнердің бүге-шүгесіне дейін қамтылған сұрақтарға жас аспаздар мүдірмей жауап беруге барынша тырысты. Сондай ақ, олар комиссия мүшелеріне өздері әзірлеген тағамдарын ұсынып, дайындалу әдісімен таныстырды.
Комиссия мүшелері өз саласының білгір мамандары мен жұмыс берушілер. Сондықтан аспаздар бұл жерде тек сынақ тапсырып куәлік алып қана қоймайтынын, жұмысберушімен тікелей кездесіп жұмысқа орналасуға зор мүмкіндік екенін түсінеді.
Аспаздықты үйренгеннің бірі Бақыт Хусайнов. Өзі бұрын әскерде қызмет еткен. Күзде елордадағы Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, қайта даярлау, кәсіптік білім алу бойынша аспаздық курсты таңдапты. Тәжірибе жинақтау үшін Интер –фуд, Кофе-Бум секілді танымал қоғамдық тамақтану орындарында болыпты. Енді бұрынғы әскери аспаздық өнерді әрі қарай меңгеріп өз дәмханасын ашсам деген жоспары бар.
Мемлекет есебінен «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында тегін оқытылатын курстар: аспаз, кондитер, арнайы -тігінші, шаштараз, кассир-бақылаушы, наубайшы, тәрбиеші-көмекшісі, анимация және бейнеграфика мамандықтары. 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырған кәсіптік оқулар бойынша
20-тігінші,29- пішуші, 35-аспаз, 22- кондитер,9-наубайшы, 14-кассир бақылаушы, 41- шаштараз,7- тәрбиеші көмекшісі және анимация, бейнеграфия бойынша-9 адам кәсіптік білім алды.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға мамандығы жоқ, еңбек нарығында сұранысы жоқ мамандық иелері,біліктілігін жоғалтып алған және мамандығын ауыстырғысы келетін азаматтар қатысады. Кәсіптік оқытудың ұзақтығы кәсіптің ерекшелігіне қарай бір айдан үш айға дейінгі мерзімді құрайды.
Бағдарлама қатысушылары мемлекеттік қолдау мен шәкіртақымен қамтамасыз етіледі.
Биылғы жылға кәсіптік оқыту бойынша курстарға қабылдау аяқталды.
Осы бойынша толық мәлімет алу үшін 7(7172)95 44 18; 8 777 116 82 73 номеріне хабарласып білуге болады.
«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» мекен-жайы: Бейбітшілік к-сі-25, «Өркен» ІО орналасқан.