Ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скубтың төрағалығымен Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қолдау және әлеуметтік кодекс мәселелері бойынша брифинг өткізілді.
Іс-шараға Астана қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының, Халықты жұмыспен қамту орталығының, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ халықты әлеуметтік қолдау мәселелерімен айналысатын қала тұрғындары қатысты.
Кездесу барысында Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Азамат Байтасов жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Брифинг соңында кездесуге қатысушылардың барлық сұрақтарына жауаптар берілді.