Қазақстан Халық партиясы өкілдерімен бірлескен  кездесу өтті

Жарияланған күні:
2021-14-04 сағат 19:13

Қазақстан Халық партиясының Астана  қалалық филиалы жұмыссыз  азаматтар үшін елорда еңбек нарығындағы жүзеге асырылып жатқан  жобалармен   танысу  мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының «Халықты жұмыспен қамту орталығы” КММ бірлескен   кездесу  ұйымдастырды.  Оған Орталық  директорының кеңесшісі Косыбаева Алтынай Махмедунқызы   қатысып, жұмыспен қамту аясында жасалынып жатқан   мемлекеттік  бағдарламалармен таныстырды.  Іс-шара  сұрақ-жауап форматында  өтті.

Кездесу барысында жұмыссыз азаматтарды  жұмысқа орналастырудың белсенді  шаралары, қысқамерзімді кәсіптік оқыту курстары мен  мемлекеттік гранттар және  әлеуметтік осал топ санатындағы  азаматтарды жұмыспен қамту бойынша  жасалынып жатқан жұмыстар туралы  айтылды.

Жарияланған күні: 2021-14-04 сағат 19:13
Сілтеме https://czn.kz/aza-stan-haly-partijasy-kilderimen-birlesken-kezdesu-tti/