Атаулы әлеуметтік көмек

Жарияланған күні:
2022-26-07 сағат 15:48
2022 жылдың І тоқсанында Ләззат Дюсекеева шартсыз ақшалай көмек алушы болды.
2022 жылдың мамыр айында бойжеткен қысқа мерзімді курста оқу мақсатында «Шебер-шаштараз» мамандығы бойынша жұмыссыз ретінде тіркелді және еңбекке қабілетті отбасы мүшелері үшін әлеуметтік келісімшарт жасай отырып, шартты ақшалай көмекке өтініш берді.
Әлеуметтік келісімшартта тараптардың белсенді жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімдеу шараларын орындау жөніндегі тараптардың міндеттемелері жазылады.
Атаулы әлеуметтік көмек алушы Ләззат Дюсекеева «Кәсіптік оқытуға жолдама беру» жұмыспен қамту шарасын таңдап, Кәсіптік оқыту бөлімімен «Шаштараз мектебі» ЖШС жанындағы оқу орталығына «Шебер-шаштараз» біліктілігі бойынша оқуға жіберілді.
Барлық қажетті ақпаратты келесі нөмірлер бойынша алуға болады:
«Байқоңыр» ауданының әлеуметтік көмек көрсету бөлімі – 248947, 249659 «Есіл» ауданының әлеуметтік көмек көрсету бөлімі – 249649, 248946
«Алматы» ауданының әлеуметтік көмек көрсету бөлімі – 248698, 248944
«Сарыарқа» ауданының әлеуметтік көмек көрсету бөлімі – 249647, 248689
Колл-центр «Жанұя» – 272323
Жарияланған күні: 2022-26-07 сағат 15:48
Сілтеме https://czn.kz/atauly-leumettik-k-mek/