Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу ережесі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланған күні:
2021-22-09 сағат 23:30

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының Атаулы әлеуметтік көмек көрсету бөлімі мамандары елордадағы атаулы әлеуметтік көмек алушыларға АӘК туралы ережені түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

(ҚР ЕХӘҚМ 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-п бұйрығы) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу ережесінде өзгерістер енгізілген.

22-тармағының 4-тармақшасына сәйкес адамның (отбасының) кәсіпкерлік қызметтен жиынтық табысын есептеу кезінде тәуелсіз қызметкерлер мен жеке кәсіпкерлер қызметінің нәтижесінде алынған табыстың орташа мөлшері, бірақ 25 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен төмен емес есептеледі.

Атаулы әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің мамандары алдағы уақытта өздеріне белгіленген аудан бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белгіленген кестеге сәйкес жалғастыратын болады.

Жарияланған күні: 2021-22-09 сағат 23:30
Сілтеме https://czn.kz/atauly-leumettik-k-mek-ta-ajyndau-zh-ne-t-leu-erezhesi-bojynsha-t-sindiru-zh-mystary-zh-rgizildi/