Атаулы әлеуметтік көмек мемлекеттік қолдау

Жарияланған күні:
2021-9-12 сағат 0:17

АӘК алу бойынша оң мысал
Абуова Жұлдыз Ақмырзақызы 4 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы, жалғызбасты ана.Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы бойынша 2018 жылдан бері мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылады. 2018 жылы отбасы жағдайына байланысты Шымкент қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына қоныс аударды.
«Маған әлеуметтік көмек өте көп жәрдем берді. Мен сияқты жалғызбасты анаға ол үлкен көмек. Алғаш көшіп келгенде уақытша баспана қоржынтамда тұрған болсам, қазір жақсы пәтерде, көрікті Тұрғын үй кешенде тұрамын. Бұл мемлекеттік көмектің арқасында болып отыр.Сондай-ақ, өз ісімді ашуға қолдау көрсеткені үшін мемлекетімізге алғысым шексіз», дейді Жұлдыз.
Ж.Абуова «Бастау Бизнес жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқығаннан кейін, 2021 жылдың тамыз айында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін 583400 тг мөлшерінде грант алып, тігін шеберханасын ашып, өз кәсібін жүзеге асыруда.

Жарияланған күні: 2021-9-12 сағат 0:17
Сілтеме https://czn.kz/atauly-leumettik-k-mek-memlekettik-oldau-4/