Астанада 126 азамат қайтарымсыз грантқа ие болды

Жарияланған күні:
2024-6-09 сағат 22:22

Астанада 126 азамат қайтарымсыз грантқа ие болды

Елордада жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия жұмысы аяқталды.

Конкурстық комиссия шешімінің қорытындысы бойынша 126 үміткерге гранттар беру мақұлданды.

Комиссия шешімімен оң қорытынды алған бизнес-жобалар келесі қызмет салалары бойынша берілді:

– тамақ өнеркәсібі – 29;

– тігін ісі – 23;

– білім беру қызметтерін көрсету – 10;

– тұрмыстық сервистік қызметтер көрсету – 9;

– қоғамдық тамақтану саласында қызмет көрсету – 7;

– өнер, спорт, ойын-сауық, демалыс, күтім және сұлулық саласындағы қызметтер – 13;

– медициналық және әлеуметтік қызметтер – 5;

– өндіріс және өнеркәсіп – 7;

– сервистік қызмет көрсету – 4;

– көтерме және бөлшек сауда – 5;

– автомотокөлік құралдарына сервистік қызмет көрсету – 3;

– әкімшілік, басқарушылық және ақпараттық қызмет, делдалдық қызметтер – 6;

– қызметтің басқа түрлерін ұсыну – 4

– құрылыс, монтаждау жұмыстары саласындағы қызметтер – 1.

 

Жарияланған күні: 2024-6-09 сағат 22:22
Сілтеме https://czn.kz/astanada-126-azamat-ajtarymsyz-grant-a-ie-boldy/