Астана қаласының әкімдігімен ақпараттық-түсіндіру сұхбаты

Жарияланған күні:
2023-6-11 сағат 16:04

Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ Мансап орталығының халықтың әлеуметтік осал топтарымен жұмыс істеу бөлімінің маманы «Алматы» ауданының ҚАЖД-да пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік көмек көрсету, сонымен қатар, әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жұмыстарын, оның ішінде:
-еңбек қызметі, еңбек нарығының жай-күйі, бар мамандығы бойынша жұмысқа орналасу немесе кәсіптік оқытудан өту мүмкіндіктері туралы кәсіби ақпараттандыру;
-адамның жеке-психологиялық сипаттамасының, өмірлік жағдайлар ерекшеліктерінің, кәсіби білімінің, дағдыларының, қызығушылықтарының, денсаулық жағдайының және еңбек нарығы қажеттіліктерінің негізінде жұмыс орны мен кәсіпті таңдауға кәсіби кеңес берді.

 

Жарияланған күні: 2023-6-11 сағат 16:04
Сілтеме https://czn.kz/astana-alasyny-kimdigimen-a-paratty-t-sindiru-s-hbaty/