Астана қаласы колледждерінің түлектерімен кездесу

Жарияланған күні:
2024-27-02 сағат 21:18

Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» директоры Олжас Омар «Bilim Foundation» корпоративтік қорының «Жарқын Болашақ» бағдарламасы бойынша грант иегерлерімен, Астана қаласы колледждерінің түлектерімен жастарды жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру, жастарға жеңілдікпен несие беру, «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар практикасы» және «Ұрпақтар келісімшарты» жобаларына қатысу мақсатында кездесу өткізді.

 

 

Сонымен қатар, Астана қаласы әкімдігінің Еңбек мобильділігі орталығы мен «Bilim Foundation» корпоративтік қоры арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Сондай-ақ, балаларға жұмыс іздеу, жұмысқа орналасу және әңгімелесуден дұрыс өту бойынша ұсыныстар берілді.

Жарияланған күні: 2024-27-02 сағат 21:18
Сілтеме https://czn.kz/astana-alasy-kolledzhderini-t-lekterimen-kezdesu/