Астана қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ директордың жаңа орынбасары тағайындалды

Жарияланған күні:
2023-17-01 сағат 21:58

«Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ басшысының бұйрығымен 2023 жылғы 17 қаңтарда Астана қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ директордың орынбасары лауазымына Ғалия Әбенова тағайындалды.

Ғалия Жандосқызы Әбенова 1989 жылы 22 қыркүйекте Астана қаласында дүниеге келген.
2009 жылы Экономика және қаржы колледжін, 2012 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін бітірді.

Директордың орынбасары лауазымында Ғалия Әбенова аналитикалық және қаржылық қызмет мәселелері бойынша жетекшілік ететін болады.

Еңбек жолы маманнан басшыға дейін өтті.

Жарияланған күні: 2023-17-01 сағат 21:58
Сілтеме https://czn.kz/astana-alasy-kimdigini-haly-ty-zh-myspen-amtu-ortaly-y-kmm-direktordy-zha-a-orynbasary-ta-ajyndaldy/