«Арматуршы» тегін кәсіби оқытуға қабылдау жүргізілуде

Жарияланған күні:
2022-19-08 сағат 14:42
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы, Modex ЖШС-нің өтінімі бойынша тегін кәсіптік оқуға қабылдауды жүргізеді. Біліктілігі: «Арматуршы», оқу мерзімі 1 ай. Ұсынылатын еңбекақы: 200 000 теңгеден бастап.
Қажетті құжаттар тізімі:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттар қоса беріледі. Болмаған жағдайда, соңғы 2 жылдағы зейнетақы қорынан үзінді көшірме ұсынылады (egov.kz арқылы алуға болады);
3) білімі туралы құжаттар (аттестат, куәлік, диплом), бар болса, оқудан өткенін растайтын құжаттар (куәлік, сертификат);
4) ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен нысанға сәйкес Денсаулық жағдайы туралы анықтаманың көшірмесі;
5) Екінші деңгейдегі банкте ашылған ағымдағы (карточкалық) шоттың нөмірі.
Білім беру мекемесіне қабылданғаннан кейін денсаулық жағдайы туралы анықтаманың көшірмесі және ағымдағы (карточкалық) шоттың нөмірі ұсынылады.
Оқуға жұмыс берушінің іріктеуінен өткен жұмыссыз азаматтар жіберіледі.
Жұмыссыздармен 4 жақты Әлеуметтік келісімшарт жасалады, оның негізінде жұмыс беруші жұмыссызды мәлімделген жұмыс орнына жұмысқа орналастырады.
Қабылдау Бейбітшілік көшесі, 9 мекенжайы бойынша жүргізіледі
Қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағат 8.30-дан 17.00-ге дейін.
(Сағат 13.00-14.30 Үзіліс)
Барлық сұрақтар бойынша кәсіби оқыту бөліміне хабарласыңыз: 24-89-48, 24-93-09, +77009569834
Жарияланған күні: 2022-19-08 сағат 14:42
Сілтеме https://czn.kz/armaturshy-tegin-k-sibi-o-ytu-a-abyldau-zh-rgizilude/