Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы
АЛИМЕНТ ТӨЛЕМДЕРІ БАР БОРЫШКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Бүгін алимент төлемдері бойынша жұмыссыз борышкерлерді жұмысқа орналасуға жәрдемдесу мақсатында бос орындар жәрмеңкесі өтті.

Арнайы жәрмеңкені Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаменті, Нұр-Сұлтан қаласының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы бірлесе ұйымдастырды.

Жәрмеңкеде “Казпочта”АҚ, “Comfort Construction Kz”ЖШС, “Аура Су”ЖШС, “Magnum Cash&Carry” ЖШС,«Нурбанк»АҚ, “12 Месяцев-Астана”ЖШС, “Охранное Агенство “Айыртау-Күзет” ЖШС, «Business Consulting Group Kz” (DIDI Taksi)Холдинг компаниясы өкілдері 40-қа жуық бос жұмыс орындарын ұсынды.

Жұмыс берушілер:электрик, көлік жүргізушісі, SMM-менеджер, аспаз,экспедитор, контролер, курьер, кассир тб. жұмысшылар іздеді.
Нұр-Сұлтан қаласының бос жұмыс орындары бар ұйым өкілдері, жұмыс берушілер жұмысқа іздеушілермен тікелей сұхбат жүргізіп, жолдамалар берді.

Жарияланған күні: 2021-25-11 сағат 18:19
Сілтеме https://czn.kz/aliment-t-lemderi-bar-boryshkerlerge-arnal-an-bos-oryndar-zh-rme-kesi-tti/
Хабарламаға жазылыңыз
Қаріп түрі:
Әріп аралығы:
Қаріп өлшемі:
Сайттың түсі:
Суреттер: