2021 жылдың 13 қазан күні Нұр- Сұлтан қаласының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшысының орынбасары Утегенов Айбын Серікұлы, Нұр-Сұлтан қаласының “Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы” ММ Басқарма басшысының орынбасары Гарифуллин Бахтияр Салаватұлы және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Байтасов Азамат Елемесұлының қатысуымен қызметтік кездесу өтті.
Кездесу барысында, жұмыссыз жүрген алимент қарыздары бар борышкерлерді жұмысқа орналастыру тәртібі сондай-ақ, жұмыстан бас тартқан борышкерлерге қандай шара қолдану керектігі жөнінде талқыланды.
Жұмыссыз жүрген азаматтар enbek.kz порталы арқылы тұрақты жұмыс табуға және жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыса алады.