Қаланың жұмыс берушілерімен кезекті кездесу өтті.

Жарияланған күні:
2021-24-05 сағат 17:34

Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы Кәсіпкерлер Палатасы, Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы және Халықты жұмыспен қамту орталығы мамандары жұмыс берушілермен бірлескен онлайн кездесу өткізді.
Желілік жиында – халықты нәтижелі жұмыспен қамту, қызметкерлердің табысы мен өмір сүру сапасын арттыру және еңбек ұжымдарындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету туралы айтылды.
Сондай-ақ, “Халықты жұмыспен қамту туралы” Қазақстан Республикасы Заңының негізгі талаптарын, оның ішінде азаматтардың жекелеген санаттарын (мүгедектігі бар адамдарды, жетім балаларды, пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды) жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына белгіленген квотаны орындау туралы талқылау күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі болды.
Кездесуге 30-дан астам жұмыс беруші қатысты. Халықты жұмыспен қамту шаралары және еңбек заңнамасының талаптарын сақтау мәселелеріне баса назар аударылды.
Жауапты мекеме өкілдері мен жұмыс берушілердің бірлескен кездесулері апта сайын ұйымдастырылып келеді.

Жарияланған күні: 2021-24-05 сағат 17:34
Сілтеме https://czn.kz/alany-zh-mys-berushilerimen-kezekti-kezdesu-tti/