Аналар үйі – қиын өмір жағдайына түскен аналардың паналайтын жері. Жігері жасып, сағы сынған жандардың еңсесін жазып, қайтадан аяқтарына тұруына жағдай жасалған. Барар жері, басар тауы болмаған соң, өздері тауып келетіндер де бар. Келте ойдың жетегімен қадамын ағат басқандардың бейкүнә сәбиінің жазығы жоқ. Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-сі өз тарапынан барынша қолдауда.
Ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде «Аналар үйі» орталығына директордың орынбасары Алма Нұрмағамбетова кезекті іс сапармен кездесуге барды. Баласын жалғыз өзі асырап отырған аналарға көрсетілетін жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға керекті құжаттар туралы кеңес берілді.