АӘК мемлекет тарапынан үлкен қолдау.

Жарияланған күні:
2021-7-02 сағат 19:26

Айнұр Қалжаппарова 2021 жылдың сәуір айында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы, Әлеуметтік көрсету бөлімі мамандарының қабылдауында болып, атаулы әлеуметтік көмек туралы толық кеңес берілген болатын. Айнұр үш бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана.
Көмекке мұқтаж Айнұр Қалжаппарованың әуел баста құжаттары толық болмады. Жеке куәлігі мен балаларының туу туралы куәліктері жоғалған, мекен-жайы бойынша тұрақты тіркеуде жоқ, алименттің құжаттары жасалмағаны анықталды. Орталық мамандарының жәрдемдесуімен, «Байқоныр» ауданы әкімшілігі тарапынан көмек көрсетіліп, құжаттары қайта жасалды. Осы жылдың мамыр айында Атаулы әлеуметтік көмекке (шарты ақшалай көмек түріне) өтініш және құжаттарын тапсырып, шартты ақшалай көмек алды.
Қызы, 2010 жылы туған Тілеуғазы Миланаға қараша айынан бастап мүгідектігі бойынша жәрдемақы тағайындалды. Өзіне мүгедек –бала күтіміне жәрдемақы тағайындалды. Қараша айынан бастап атаулы әлеуметтік көмектің –шартсыз ақшалай көмек түріне өтініш берді.

Жарияланған күні: 2021-7-02 сағат 19:26
Сілтеме https://czn.kz/a-k-memleket-tarapynan-lken-oldau/