Ағымдағы жылы Астана қаласы Мансап орталығының Нұра ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің мамандары Динара Шерхан мен Гульнар Нуртаева өмірлік қиын жағдайға тап болған «Ана үйі» қоғамдық қорының қамқорлығындағыларға атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеу жүргізу үшін құрылған Нұра ауданы учаскелік комиссиясының өкілімен бірге атаулы әлеуметтік көмек бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жұмыспен қамту, мамандарды даярлау және қайта даярлау курстары туралы да мәселелер қозғалды.