Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығымен 2024 жылдың 19 наурызда Астана қаласында кәсіпкерлік бастамашылық шеңберінде жастарға берілетін микрокредиттер бойынша бизнес-жобаларды іріктеу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) отырысын өткізу жоспарлануда.
Комиссия отырысын өткізу уақыты мен орны туралы микрокредит алуға үміткерлер қосымша хабардар етіледі.
Микрокредиттер 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Өтініш берген сәтте жастардың жеке кәсіпкер ретінде тіркелген уақыты 5 жылдан аспауы тиіс. Жас кәсіпкерлер жылдық 2,5% номиналды сыйақы мөлшерлемесі бойынша өтеу мерзімі 5 жылға дейін 5 миллион теңгеге дейін кредит ала алады.
Өтініштер «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның Астана қаласындағы филиалында Астана қаласы, Тұран көшесі, 19/1 («Эдем» БО, 11-қабат) мекен-жайы бойынша жүзеге асырылады (анықтама телефоны: 8-701-006-16-38).