Ағымдағы жылдың 29 қаңтарында Астана қаласы әкімдігінің Еңбек мобильділігі орталығының директоры Олжас Омар «Қазпошта» АҚ «Оңтүстік» ақпарат-логистикалық орталығы» филиалының өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында тұрақты және уақытша жұмыс орындарына жұмысқа орналасу, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары мәселелері талқыланды, сондай-ақ бос жұмыс орындар жәрмеңкесі бойынша түсініктемелер берілді.