1 шілдеден бастап ҚР Әлеуметтік кодексінде көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру мақсатында Халықты жұмыспен қамту орталықтары еңбек мобильділігі орталықтарына айналды.
Елордалық орталықтар өз қызметін “Алматы”, “Байқоңыр”, “Есіл”, “Нұра”, “Сарыарқа”аудандарының карьерлік орталықтары арқылы жүзеге асыратын болады.
– Карьерлік орталықтар аудандарда жұмыссыздар қызметтердің толық спектрін ала алатындай дәлірек жұмыс істейтін болады, бұл тұтастай алғанда кешенді және тиімді тәсіл болып табылады, — деп атап өтті Астана қаласы әкімдігінің еңбек мобильділігі орталығының директоры Олжас ОМАР.
Орталықтар әр тұтынушыға арналған. Азаматтарға арналған қызметтер тізіміне мемлекеттік гранттар, “ұрпақтар келісімшарты” және “алғашқы жұмыс орны” жобалары, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы жұмыс орындары, қолайлы бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, Кәсіптік оқыту және әлеуметтік кәсіптік бағдарлау, әлеуметтік жұмыс орындары мен қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы, микрокредит беру бойынша консультациялар, атаулы жұмыс орындары және әлеуметтік көмек.
Сондай-ақ, жұмыс берушілерге арналған қызметтердің жеке тізімі бар, мысалы, кадрларды іріктеу, жұмыс берушінің сұранысы бойынша кәсіптік оқыту және жұмыс орындарын құруды субсидиялау.